030009, Ақтөбе, "Ақжар-2" тұрғындар алабы, 451"а" Mailto: aktobe-sh45@mail.ru aktobe.sh45@gmail.com

Телефон (факс): +7 (7132) 251-601

Басып шығару

Әлемді тербеткен мейірім

Автор: Айгүл Нұраддинова, 8 «А» класс оқушысы. Posted in Дарынды бала

Әлемді тербеткен мейірім

Ана керек! О, адамдар, анна керек адамға,
Анасыздар – аң сияқты күн кешіп жүр ғаламда.
Пікірімді ұнатпаған таптық та дер дананы,

imagesДаналықтың қажеті жоқ сыйлау үшін ананы, - деп Төлеген Айбергенов айтқандай ананы сыйлау, қадірлеу әрбір баланың парызы.

Әлемді тербеткен мейірім – ананың ғана жүрегінде болады деп есептеймін. Ол мейірім әр балаға ананың ақ сүтімен тарайды. Сондықтан болар әрбір батыр, шешен, дана, ақын тіпті данышпандардың өзі де ананы қадір тұтады. Ана деген үш әріптен құралған бір сөздің өзінде терең мағына жатыр. Бұл сөзді атағанның өзінде, ана мейірімі төгіліп тұратындай.

Ана – өмір тірегі. Отбасының ең басты мерекесі де, берекесі де – ана. Әрбір ана баласын қорғау үшін ханның қаһарынан, жаманның айласынан, жаудың найзасынан да тайсалмайды.

Еліміздің тарихында бір әулеттің емес бүкіл халықтың анасына айналған жандар қанша ма? Халқымыз Отан ана, жер ана деп анаға теңегенінен-ақ ананың қаншалықты қадірлі екенін білуге болады.

Мұқағалиға арнау

Оқыдым қанша сіздің жырыңызды,
Түсіндім шындықты, бұл өмірді.
Өртке тиген дауылдай жырларыңыз,
Оятады қанша сенім, үмітті.

Өлеңінің мәнерлі айшығы бар,
Үңілсең тұңғиық өмір шындығы бар.
Адасқанға жол сілтеп,
Жығылғанды демейтін сиқыры бар.

Келешекке өшпес мұра сыйлаған,
Ақ қағазға мұңын шертіп жырлаған.
Мұқағали – көркем сөздің атасы,
Ұрпағына мәңгілік жырын арнаған.

Шабыт деген

Шабыт керек – сұлу жаз көктемдерде,
Шабыт керек айналаны түсінуге,
Жырлау үшін дүние сырын ұққан кезде
Сол емес пе? Шабыт деген бұл өмірде.

Шабыт деген келмейді күнде-күнде,
Қайта айналып келмейді күткендерге.
Шабытқа көп қол созғаным,
Түсіну қиын түпсіз терең сырларын.

Қандай күш шабытты тербеп оятқан,
Шабыт деген – тұрады ғой махаббаттан.
Ұйқысыз түндер, айлар бәріне арман болған
Шабытыңды оят, арыл жалқаулықтың құрсауынан.

Бейбітшілік

Бір ғана тілегім бар өмірде,
Бейбітшілік болса деймін өмірде.
Тату-тәтті өмір сүрсе қазағым,
Сәби күлкісі естілсе деймін әр үйде.

Анасын аңсап шарқ-ұрып,
Жыламаса екен сәбилер.
Баласының мейірімін аңсап,
Қайғырмаса екен қариялар.

Адамзат бір-бірінің жүзіне
Қараса екен мейірлене.
Сыйластықпен ғұмыр кешейікші,
Қамшының сабындай қысқа ғана өмірде.