030009, Ақтөбе, "Ақжар-2" тұрғындар алабы, 451"а" Mailto: aktobe-sh45@mail.ru aktobe.sh45@gmail.com

Телефон (факс): +7 (7132) 251-601

Басып шығару

«Сағындырған кең жайлау»

Автор: Сұлтанғалиев Сақтаған Саматұлы. Posted in Дарынды бала

Жетекшісі: Данайбекова Ақдидар Утегеновна

Сұлтанғалиев Сақтаған Саматұлы, 3 «ә» класс оқушысы

Елім деп соғады кішкентай жүрегім.

imagesМенің есімім Сұлтанғалиев Сақтаған Саматұлы. Ақтөбе қаласының Ақжар-2 ауылында тұрамын.Осы ауылымыздағы №45 орта мектебінің 3 «ә» класының озат оқушысымын. 2010 жылы күрделі отадан өттім. Алматы қаласының дәрігерлері маған ота жасады. Қазіргі уақытта денсаулығыма байланысты үйден білім алып жүрмін. Ұстазым Данайбекова Ақдидар Утегеновна маған бар білімін үйретіп жатыр. Өзі жоғары білімді және сабырлы ұстаз.

Кітап оқып, сурет салғанды ұнатамын. Кішкентай кезімнен әскери кеңесші болуды армандап келемін.Отанымды қорғап, еліме адал қызмет еткім келеді.Ол үшін өз санамды адамгершілікке, білімпаздылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеуге тырысып жүрмін.

imagesЕлбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтің өмірбаяны жөнінде деректер мен суреттерін жинақтап келемін.Мен ол кісіге тәжім етемін және бақытты болуын тілеймін.

Біздің елімізге тәуелсіздік оңай келмеді. Ата-бабаларымыз Тәуелсіздігіміз үшін өз өмірлерін қатерге тікті. Халқымыздың көптен арман еткен үміті артып, егемендігін алды. Қазіргі таңда Мәңгілік ел болуға ұмтылудамыз.Сол себепті Қазақстанның көркеюіне оның әр азаматы өз үлесін қосуы керек деп ойлаймын.

Болашақта Отанымыз өте көрікті, технология ғылымы жақсы дамыған мемлекет болады. Медицина салалары да жақсы дамып, барлық ел Қазақстанға келіп емделетін әлемге танымал Мәңгілік ел болатынына үлкен сенім артамын...