030009, Ақтөбе, "Ақжар-2" тұрғындар алабы, 451"а" Mailto: aktobe-sh45@mail.ru aktobe.sh45@gmail.com

Телефон (факс): +7 (7132) 251-601

Басып шығару

Алғашқы жеңіс!

Posted in Дарынды бала

Елінің сенімін, ата-анасы мен ұстазының үмітін ақтамаққа және білім нәрінен сусындамақ үшін 1-қыркүйекте кішкентай ғана бүлдіршіндер алғаш мектеп табалдырығын қуана аттады.

Басып шығару

Мектептің дарынды және жүлделі оқушылары

Posted in Дарынды бала

            Ақтөбе қаласы № 45 орта мектепте дарынды, озат оқушылар  көп,- деп ауыз толтырып айтуға тұралықтай. Қалалық және Обылыстық, Республикалық жарыстарға қатысып оқушыларымыз жүлделі болды. Республикалық олимпиаданың обылыстық кезеңінде қазақ тілі мен әдебиет пәнінен жоғары білім көрсеткен үшін ІІІ-дарежелі дипломмен 9-класс оқушысы Мыңбаева Аружан иеленді және Республикалық қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша 8-класс оқушысы Тоғаева Дана ІІІ-орынды иеленді, Обылыстық кіші олимпиадасында қазақ тілі мен әдебиетіне терең шығармашылық қабілетін танытқан үшін ІІІ-орынмен  7-класс оқушысы Басарова Аружан  марапатталды және де осындай  қалалық олимпиадада  қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша ІІІ-орынды  9-класс оқушысы Мынбаева Аружан марапатталды. Басарова Аружан «Жарқын болашақ» республикалық «КАТЕV»-тан  ІІ-орынды және (қалалық) кіші олимпиададан  І-орынды иеленді. Бұл қазақ тілі мен әдебиет пәнінің жүлделі оқушыларының жетекшісі - қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Ермаханова Айткүл.

Басып шығару

Ақиық ақын М.Мақатаевтың туылғанына 85 жыл

Posted in Дарынды бала

     Оқушының бойында жаңа Қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу мен шығармашылық қабілетін дамыту, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру мақсатында 2016 жылдың  5 ақпанында ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туылғанына 85 жыл толуына орай Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы «Тұнық жырдың тұмары» атты кешті ұйымдастырды.

Басып шығару

«Балдауренде» бал-бұл жанған бастауыш

Posted in Дарынды бала

«Балдәурен»  балалар  хабарының жаңа бір нұсқасы  қала мектептерінің  арасында жарыс түрінде өткізіліп, эфирге шығарылды. Бұл жарысты ұйымдастырушы – «Қазақстан Ақтөбе» телекомпаниясы. Мақсаты – балалардың ойлау қабілетін дамыту, оларды  шығармашылыққа,  достық  қарым-қатынасқа тәрбиелеу, өз ойларын жүйелі, еркін, шапшаң жеткізе білуге дағдыландыру. Аталған іс-шараға  №45 орта мектебінің оқушылары қызығушылық танытты. Мектебіміздің  3-4 класс оқушылары  Тұрғанбаев Серікбол,  Қонарбай Зере, Алимова Асель, Жанғали Нұрбол, Қайыржан Ақмоншақ  белсенді қатысып, «Қазақстан Ақтөбе» телекомпаниясының арнайы алғыс хатымен марапатталды.

 

 

View the embedded image gallery online at:
http://aktobe-sh45.kz/index.php/darin#sigFreeId3d2295cfb6

Басып шығару

МЕКТЕПТЕГІ СПОРТ САҢЛАҚТАРЫ

Posted in Дарынды бала

         Еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан 2030» бағдарламасында: «Біздің ұрпақтың бүгінгі кезеңінің міндеттерінен өзге келер ұрпақтар алдында орасан зор жауапкершілік жүгін арқалайтынымыз, сонымен бірге жастар алдындағы жауапкершілікті үнемі есте ұстауға тиіс екеніміз» туралы айтылған. Бұдан егемен елімізде жас ұрпақтың дене тәрбиесіне айрықша көңіл бөлініп отырғандығы көрінеді.                               

         Кез келген мемлекет өз ұрпағының салауатты өмір салтын ұстанғанын құптайды. Егер мектепті мемлекет деп алар болсақ, онда оқушылардың спорттағы әрбір жетістігі – мектеп спортының дамуына қосқан үлесі. Мектебіміздегі спорттың дамуына өз үлесін қосып жүрген шәкірттеріміз де аз емес. Солардың бірі 6«Ә» класс оқушысы Рабаев Ақжол. Ақжолдың таэквон-додан  жеңістері де көп.Ол облыстық, республикалық жарыстарда оза шауып жүр. Ақжол Ресейде өткен халықаралық турнирде де жеңімпаз атанды.