030009, Ақтөбе, "Ақжар-2" тұрғындар алабы, 451"а" Mailto: aktobe-sh45@mail.ru aktobe.sh45@gmail.com

Телефон (факс): +7 (7132) 251-601

Басып шығару

Озат тәжірибе мектебі

Posted in БАСТАПҚЫ БЕТ

Мектебімізде, қараша айында озат тәжірибе мектебі өтті. Бұл жұмыстың басты мақсаты өз әріптестеріне әдістемелік көмек  көрсету болып табылады. Бастауыш класс мұғалімдері Тажиева Ш.С., Суликанова К.Т., Махамбет Ш.Т. өздерінің әдістемелік   шеберліктерімен бөлісті. Шебер класс  тақырыбы: «Ойнайық та ойлайық!»   Өзгелердің тәжірибесін толық көшірмей, жаңа ортаға икемдеп, өзіндік іс-әрекет жиынтығы арқылы айтарлықтай нәтижеге қол жеткізу керек екендігін дәлелдеді.  


 

Басып шығару

«Педагогтардың шығармашылық дағдыларын дамыту»

Posted in БАСТАПҚЫ БЕТ

каникул кезінде республикалық «Білім айнасы» газетаның редакторы Жәнібек Қуанышевичпен  кездесіп, «Педагогтардың шығармашылық дағдыларын дамыту» атты семинар -  тренинг ұйымдастырылды. Бұл тренинг мақсаты  БАҚ  және әлеуметтік желімен жұмыс жасау тәсілдерін меңгеру. Семинарға 20 мұғалім қатысып, сертификатталды. Алдағы уақытта «Білім айнасы» газетімен тығыз байланыста болып, іс-шара, ашық сабақтарымыз жарияланып, байқауларына белсенді қатысамыз деп келісілді.

Басып шығару

Ашық есік күні

Posted in БАСТАПҚЫ БЕТ

Мектебімізде 2015 жылдан бастап дәстүрге айналған ата-аналар үшін өкізілетін «Ашық есік» күні ұйымдастырылды.  Бұл іс-шараның мақсаты: ата-аналарға  мектептің және пән мұғалімдерінің талабымен таныстыру; олардың тәрбиелеу тәжірибесін байыту  және  оқу-тәрбие жұмысын жан жақты бақылау, оқушылардың шығармашылық біліктерін дамыту және білімді насихаттау.  Барлығы 80 ата-ана қатысты, оның 51 бастауыш 1-2 класс ата-аналары.

Басып шығару

№45 ЖББ орта мектепте «Ақтөбе қаласы бойынша жасөспірімдердің денсаулығы мен өмірлік дағдыларын қалыптастыру және суицидтің алдын-алу» бағдарламасы аясында «сақшыларды» оқыту сабағы өтті.

Posted in БАСТАПҚЫ БЕТ

Бұл бағдарлама Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің  2015 жылғы 27 ақпандағы №102 бұйрығы; Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2015 жылғы 2 наурызындағы №95 бұйрығы және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 2015 жылғы 11 наурызындағы №201 бұйрығы негізінде  Қазақстан Республикасында кәмелетке толмағандар арасында суицидтің  алдын-алу жобасын кезең-кезеңімен енгізу туралы  бірлескен бұйрық шығып қол қойылды. Осы бұйрық негізінде 2017 жылы Ақтөбе облысына осы бағдарлама еніп отыр.

      Бағдарлама мақсаты: өткізілетін төрт іс-шараның көмегімен жасөспірімдердің психикалық денсаулығын нығайту және деструктивті мінез-құлықтың алдын-алу болып табылады. Осы бағдарламадағы төрт іс-шараның бір бөлігі, мектептің барлық қызметкерлерін «сақшы» болуға оқыту. Сақшы қызметі қандай, ол қызметті кімдер атқара алады, кім сақшы бола алады?-деген сұрақтарға ұстаздар мен мектептің кіші қызметкерлері толықтай  жауап алды. Осы сақшы қызметін атақара отырып қауіп тобындағы оқушыларды қалай анықтайды, оның қандай ескертуші белгілері болады, анықталған жағдайда кімге, қандай мамандарға бағыттайды, сонымен қатар қандай көмек түрін көрсете алу керек екендіктері туралы сауатты түрде, көп мәлімет алды. Оқу соңында барлық қызметкерлерге осы айтылған сабақтағы негізгі мәселелері бар жазылған ескертпе таратпалары да таратылды.