030009, Ақтөбе, "Ақжар-2" тұрғындар алабы, 451"а" Mailto: aktobe-sh45@mail.ru aktobe.sh45@gmail.com

Телефон (факс): +7 (7132) 251-601

Басып шығару

Құрметті мемлекеттік қызметті алушылар!

Posted in БАСТАПҚЫ БЕТ

 

 

Құрметті мемлекеттік

қызметті алушылар!

 

Ақтөбе қаласының әкімдігімен   «Бірінші сыныпқа қабылдау үшін құжаттар қабылдау» жүйесі іске қосылды.Аталған қызметті алу үшін электронды цифрлы қолтаңбамен  

mektep.akt.kz сайты арқылы жеке кабинетке кіріп, өтініш нысанын толтыру қажет.

Ары қарай негізгі парақшада «Бірінші сыныпқа қабылдауға құжаттарды қабылдау» қызметін таңдау қажет.

            Аталған жүйе мемлекеттік қызметті алушыларға бірінші сыныпқа құжаттарды онлайн режимінде  қабылдауға мүмкіндік береді.

Өтінішті берген кезде өзекті байланыс деректерін (ұялы телефон нөмірі, электрондық пошта) көрсету қажет. Көрсетілген электрондық пошта мен телефон нөміріне ескерту түріндегі хабарлама жіберіледі.

Авторизация терезесі пайда болады. «ЭЦҚ бойынша» кіру түрін, кілтті сақтау орнын таңдап, «Сертификатты таңдау» батырмасын басу қажет.Ары қарай ЭЦҚ (AUTH_RSA) кілтін таңдап, құпиясөзді енгізіп, «ОК» батырмасын басу қажет

 

 Назар аударыңыз!

 

Жүйеге бірінші рет кірген кезде электрондық поштаны көрсету қажет. Авторизациядан өткеннен кейін «Өтінімді беру» тарауын басып, өтініш нысанын толтырылады.

 

Құжаттар тізбесі

 

1) осы стандартқа1-қосымшағасәйкес өтініш;

2) 2008 жылға дейін туылған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының туу туралы куәлігінің көшірмесі  

3) денсаулық жағдайы туралы анықтама   № 063/у нысан  және  026/у-3 есеп нысаны (педагогикалық-медициналық-психологиялық комиссияның қорытындысы  қажет болған жағдайда)

4) баланың 2 данада 3х4 сантиметр өлшеміндегі фотосурет;

  Шетелдік және азаматтығы жоқ көрсетілетін қызметті алушылар өздерінің мәртебесін айқындайтын, тұрғылықты жері бойынша тіркелгені туралы белгісі бар мынадай құжаттардың бірін ұсынады:

1) шетелдік – шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты;

2) азаматтығы жоқ адам – азаматтығы жоқ адамның жеке куәлігі;

3) босқын – босқын куәлігі;

4) пана іздеуші – пана іздеуші адамның куәлігі;

5) оралман – оралман куәлігі.

 

Мемлекеттік қызметті

 көрсету тәртібі

 

1) көрсетілетін қызмет берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ портал арқылы жүгінген кезде - қолхат алу үшін бес жұмыс күні;

бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымына қабылдау үшін:

оқудың күндізгі және кешкі нысанына –  30 тамыздан кешіктірмей;

бірінші сыныпқа – 1 маусым мен 30 тамыз аралығында;

2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты –  15 минут;

3) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут.

5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: электронды, қағаз түрінде.

6.Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі: құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат және жаңа оқу жылынан бастап орта білім беру ұйымына (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта) қабылдау туралы бұйрық.

 

 

 

Prev Next