030009, Ақтөбе, "Ақжар-2" тұрғындар алабы, 451"а" Mailto: aktobe-sh45@mail.ru aktobe.sh45@gmail.com

Телефон (факс): +7 (7132) 251-601

Басып шығару

Ашық есік күні

Posted in БАСТАПҚЫ БЕТ

Мектебімізде 2015 жылдан бастап дәстүрге айналған ата-аналар үшін өкізілетін «Ашық есік» күні ұйымдастырылды.  Бұл іс-шараның мақсаты: ата-аналарға  мектептің және пән мұғалімдерінің талабымен таныстыру; олардың тәрбиелеу тәжірибесін байыту  және  оқу-тәрбие жұмысын жан жақты бақылау, оқушылардың шығармашылық біліктерін дамыту және білімді насихаттау.  Барлығы 80 ата-ана қатысты, оның 51 бастауыш 1-2 класс ата-аналары.

 

Ата-аналардан алынған кері байланысты талдап, саралай келе, мынадай қорытынды шықты.

-          Мұғалімдердің талабын көріп, үйден көбірек қадағалауым керек екендігін түсіндім;

-           Мектетің барлық іс-шаралары қанағаттандырады, қуана келеміз қарауға;

-           математикадан мұғалімнің сабақ беру әдісі ұнады

-           кл орыс тілін сабағы  туыстық қатынас ағылшын тілімен өтті.

-          математика сабағы ұнады, оқушы   белсенділігі өте жоғары болды. Жеке, жұптық, топтық жұмыс түрлері өтті

-          Жас болса да, жігерлі және талапшыл мұғалім (Абдуллина Г.А.)

-           матем мен орыс тілі пәнінің берілуіне көңілім толып,  керемет әсер алып шықтым

Осындай іс-шаралар тоқсан сайын болып тұрса, оқушылардың жауапкершілігі артып, оқуға деген ынтасы көтерілер еді деген ұсыныстар айтылды.