030009, Ақтөбе, "Ақжар-2" тұрғындар алабы, 451"а" Mailto: aktobe-sh45@mail.ru aktobe.sh45@gmail.com

Телефон (факс): +7 (7132) 251-601

Басып шығару

Озат тәжірибе мектебі

Posted in БАСТАПҚЫ БЕТ

Мектебімізде, қараша айында озат тәжірибе мектебі өтті. Бұл жұмыстың басты мақсаты өз әріптестеріне әдістемелік көмек  көрсету болып табылады. Бастауыш класс мұғалімдері Тажиева Ш.С., Суликанова К.Т., Махамбет Ш.Т. өздерінің әдістемелік   шеберліктерімен бөлісті. Шебер класс  тақырыбы: «Ойнайық та ойлайық!»   Өзгелердің тәжірибесін толық көшірмей, жаңа ортаға икемдеп, өзіндік іс-әрекет жиынтығы арқылы айтарлықтай нәтижеге қол жеткізу керек екендігін дәлелдеді.  


 

 

Біздің іс-тәжірибемізден: 1.Мозаика құрастыру әдісі  2. «Мен жастарға сенемін» тренинг

3. Мақалдың жалғасын тауып, мағынасын түсіндір   4. «Пәндік  ЛОТО» ойыны,  5.  «Бес  саусақ» әдісі.  Аталған іс-шара барысында әріптестер өзара пікір алысып, үйрете отырып үйренудің құпиясын көрсете білді. Әріптестер арасында жақсы жағымды ахуал туып, үйренген әдістерін  тиімді деп, сабақта  қолданатындығын айтып, алғыстарын білдірді. Осындай шебер-класс, озат тәжірибе мектептері жиі өтіп тұрса деген пікір айтылды.

Prev Next