030009, Ақтөбе, "Ақжар-2" тұрғындар алабы, 451"а" Mailto: aktobe-sh45@mail.ru aktobe.sh45@gmail.com

Телефон (факс): +7 (7132) 251-601

Басып шығару

№45 ЖББ орта мектепте «Ақтөбе қаласы бойынша жасөспірімдердің денсаулығы мен өмірлік дағдыларын қалыптастыру және суицидтің алдын-алу» бағдарламасы аясында «сақшыларды» оқыту сабағы өтті.

Posted in БАСТАПҚЫ БЕТ

Бұл бағдарлама Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің  2015 жылғы 27 ақпандағы №102 бұйрығы; Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2015 жылғы 2 наурызындағы №95 бұйрығы және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 2015 жылғы 11 наурызындағы №201 бұйрығы негізінде  Қазақстан Республикасында кәмелетке толмағандар арасында суицидтің  алдын-алу жобасын кезең-кезеңімен енгізу туралы  бірлескен бұйрық шығып қол қойылды. Осы бұйрық негізінде 2017 жылы Ақтөбе облысына осы бағдарлама еніп отыр.

      Бағдарлама мақсаты: өткізілетін төрт іс-шараның көмегімен жасөспірімдердің психикалық денсаулығын нығайту және деструктивті мінез-құлықтың алдын-алу болып табылады. Осы бағдарламадағы төрт іс-шараның бір бөлігі, мектептің барлық қызметкерлерін «сақшы» болуға оқыту. Сақшы қызметі қандай, ол қызметті кімдер атқара алады, кім сақшы бола алады?-деген сұрақтарға ұстаздар мен мектептің кіші қызметкерлері толықтай  жауап алды. Осы сақшы қызметін атақара отырып қауіп тобындағы оқушыларды қалай анықтайды, оның қандай ескертуші белгілері болады, анықталған жағдайда кімге, қандай мамандарға бағыттайды, сонымен қатар қандай көмек түрін көрсете алу керек екендіктері туралы сауатты түрде, көп мәлімет алды. Оқу соңында барлық қызметкерлерге осы айтылған сабақтағы негізгі мәселелері бар жазылған ескертпе таратпалары да таратылды.

 

 

        Бұл оқытуды арнайы сертификатталған мектептің трейнері, мектеп психологы Куккузова Бибінұр Асылбекқызы жүргізді. Бұл оқытуды жалпы 71 қызметкерді 35 тен 2 топқа бөліп (3 дәріс сабағын) өткізді. Жалпы ұстаздар мен қызметкерлерге  жасөспірімдер арасындағы суицидтің алдын-алу шараларын да толықтай түсіндіре отырып, ұжымды бірлесе жұмыс жасауға шақырды.      

        Осы мектебіміздің жаста әрі жігерлі, ізденімпаз, өз мамандығының қыр-сырын білетін мектеп психологымызға алғысымызды білдіреміз және де алда осындай бірлескен, ұйымдасқан іс-шаралар негізінде бұл қауіптін алдын-алуға болады деген сенімдемін. Жастарымыз аман, дендері сау, болашақтары жарқын болсын!