030009, Ақтөбе, "Ақжар-2" тұрғындар алабы, 451"а" Mailto: aktobe-sh45@mail.ru aktobe.sh45@gmail.com

Телефон (факс): +7 (7132) 251-601

Басып шығару

Олимпиада- оқушы білімінің сарапшысы

Posted in БАСТАПҚЫ БЕТ

      Қазіргі  таңда  әрбір оқушының алған білімдерін кез -келген жағдайда  орынды пайдалана білуіне үйрету қоғамның да, жеке тұлғаның да талабы десек болады. Дәстүрлі оқыту арқылы берілген білімде оқушы сабаққа белсенді қатысып, жақсы баға алады, бірақ  білім қорытындысында өз мүмкіндіктерін көрсете алмайды. Алған білімдері шешімдер мен іс-әрекет таңдауда тұлғаның даму қажеттеліктеріне сәйкес келмей жатады. Сондықтан оқушыны іздендіре отырып, сыни көзқараспен білім алуға бағыттауымыз қажет. Ал білім негізі мектеп пен ұстаздан. «Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға – мұғалім(Strong,Ward&Grant,2011)» деген ұлы пікір осы ойымызды нақтылай түседі.   А.Байтұрсынұлы: «Келешек ұрпаққа екі байлық қалады: біреуі- кең байтақ жері, екіншісі- көл дария тілі» десе, жас ұрпақты ата- бабаларымыздан қалған асыл мұра- ана тіліміздің тарихынан білімдерін жетілдіру тіл өнерін, ұлттық мәдениетті қадірлеуге баулу қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мақсаты деп білемін. Сондықтан, әрбір сабақты оқушының ізденісі мен өзіндік тұжырымын жасауға  бағыттап өткіземін.

    

 

                      

 

 

 Оқушының алған білімдерінің деңгейін анықтаудың бір жолы -пәндік олимпиадаларға қатысу. Осы мақсатпен жыл сайын қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен интернет олимпиадаға қатысуға  бағыттаймын. Олимпиадаға қатысу арқылы өз білімінің озық тұстары мен кемшін тұстарын көреді, ал мұғалім сол олқылықты жоюда көмек беруге ұмтылады. Тіпті интернет  олимпиаданың тиімділігі сол: қорытындысы шыққан соң дұрыс және бұрыс жауаптарын қайта қарап, аппеляциялық комиссияға  өтініш беру арқылы өз жауабын дәлелдеуіне де мүмкіндік береді.  Бұдан шығатын қорытынды оқушының өз білімін жүйелі, уақытқа шектеп, оңтайлы пайдалана білуіне тәрбиелейді. Оқушылар  үшін де өз білімінің нәтижесін көру маңызды. Олимпиада  нәтижесіз де емес. 2015-2016 оқу жылында 7 оқушы «Үздік көрсеткіш» марапаттауын иеленсе,  2016-2017 оқу жылында  күзгі-қысқы маусымы бойынша 2 оқушы Қуандықова Г І орын,  Маратов Ә ІІ жүлделі орындарды иемденді.  Сонымен қатар, жыл сайын ғылым негіздері бойынша өтетін қалалық, облыстық, республикалық пәндік олимпиадаларға  қатысу арқылы да  оқушы білімінің нәтижесін көруге болады. Бұл бағытта да табыссыз емеспіз.2015-2016 оқу жылында қазақ тілі мен әдебиетінен облыстық  олимпиадада  Мыңбаева А 9-класс оқушысы  ІІІ орын алса,  2016-2017 оқу жылында  Басарова А 8-класс оқушысы қалалық олимпиададан  ІІІ орынды иемденді.

       Қорыта айтқанда,   олимпиада-  оқушы білімінің сарапшысы. Білім нәтижесін көрген оқушы бойында ұмтылыс пен серпін болары сөзсіз.

Prev Next