030009, Ақтөбе, "Ақжар-2" тұрғындар алабы, 451"а" Mailto: aktobe-sh45@mail.ru aktobe.sh45@gmail.com

Телефон (факс): +7 (7132) 251-601

Басып шығару

Әз - Наурыз

Posted in БАСТАПҚЫ БЕТ

Көптен күткен Әз-Наурыз да келіп жетті. Наурыз-Жыл басы.Күн мен түн теңелетін күн, төрт түлік мал төлдейтін ай, табиғаттағы барлық жәндіктер мен өсімдіктерге жан бітетін ай. Самарқанның көк тасы жібитін күн. Сол себептен де табиғаттың тылсымы мен ғалам ғажайыптарын терең ұғына білген ата-бабаларымыз  бұл күнді Жыл басы деп есептеген. Осы мерекеге орай  №45 жалпы білім беретін орта мектептің  4 «А»және «Ә» кластары бірігіп, «Қош келдің,Әз-Наурыз» атты концерттік бағдарламасын өткізді

Мерекеге оқушылармен бірге ата-аналар да белсене қатысты.Әжелер шашу шашып,халқымыздың салт-дәстүрлерін көрсетті. Соның ішінде «бесікке салу», «жарапазан айту» сияқты дәстүрлер сахнада көрініс тапты. Ұлттық ойындар да шет қалмады. Ер балалар «арқан тарту», «асық ату», «күш сынасу»  т.б ойындарда бақтарын сынады. Оқушылар өздерінің өнерлерін де аямады. Күй тартылып, ән шырқалды. «Қара жорға» биін биледі. Мереке соңында оқушылар мен ата-аналар наурыз көжеден дәм татып, жақсы көңіл-күймен тарасты.