030009, Ақтөбе, "Ақжар-2" тұрғындар алабы, 451"а" Mailto: aktobe-sh45@mail.ru aktobe.sh45@gmail.com

Телефон (факс): +7 (7132) 251-601

Басып шығару

Асыл тасты қырлаған сайын...

on . Posted in БАСТАПҚЫ БЕТ

Мен  Махамбет Шамшырақ  Томатқызы  Ақтөбе қаласы «45 жалпы   білім беретін орта мектеп» КММ бастауыш  сынып мұғалімімін. Өз жүрек қалауымен осы мамандықты таңдағанымда дұрыс таңдау жасағанымды түсінгендеймін.. Оның жемісі  мынау менің алдымдағы шәкіттерімнің бойына сіңдіріп, дарыта білген адал еңбегімнің  жемісі. Дарынды балаларды аныктау  мақсатындағы «Халықаралық  экология, инженерия және педагогика ғылымдар академиясы» Қоғамдық Қоры ұйымдастырған ғылыми жоба байқауына  Жанғали Нұрбол мен Серік  Бағлан «Қазанатым пырағым» тақырыбын ұсынып I орын , Қайыржан Ақмоншақ пен Саматова Ақерке «Тұрмыстық қалдық заттар - ғасыр мәселесі»тақырыбын, Ғанибекқызы Албина мен Байдырахманова Жанерке «Сүтте де сансыз сыр бар»тақырыбын, Албиева Гүлден мен Айымбетова Назым «Ұмыт болып бара жатқан асхана жиhаздары» тақырыптарын ұсынып,  II орын иеленсе, Сериков Нурдаулет пен Бактигалиева Аяна «Алоэның емдік қасиеттері» тақырыбын ұсынып,  III орын иеленіп, өз білімдерінің нәтижелерін көрсетіп, ұстазының мәртебесін көкке көтерді.


            4 «А»сынып жетекшісі: Махамбет Шамшырақ Томатқызы

      

 

 

«Шәкіртсіз ұстаз тұл демекші» ұстаз еңбегі шәкірт білімімен өлшенетіні анық. Бүгінгі менің қуанышым-« Қаныш Сатбаев» атындағы төс белгісін алуыма  себеп болып отырған да, осы үздіксіз төккен маңдай терімнің  нәтижесін көрсеткен шәкірттерімнің жетістігі  деп ойлаймын.                                                                              

  Осы кезде ойыма «Асыл  тасты  қырлаған  сайын  гауһар  тасқа айналуы мүмкін» деген  сөз оралады. Әлі де алар асуларым мен шығар биіктіктерім  алда...