030009, Ақтөбе, "Ақжар-2" тұрғындар алабы, 451"а" Mailto: aktobe-sh45@mail.ru aktobe.sh45@gmail.com

Телефон (факс): +7 (7132) 251-601

Басып шығару

45-тің алауы

Автор: Ахмет Қолғанат. Posted in Жаңалықтар

Қалалық жас туристер стансасының ұйымдастыруымен 13 - 14 қазан  күндері «Достық» лагерінде өткен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және Мұғалімдер күніне арналған білім саласы қызметкерлері арасында  спорттық туризм  техникасы сайысына №45 орта мектеп мұғалімдерінен «45 алауы» атты команда қатысты.

                                                

 

 

Жарыстың  бірінші күні «Жол  кедергілері» атты байқауда әр түрлі аймақтардан өту қажет болды.  Кедергілерді  ұйымдастырушылар  күрделі әрі қиын қылып орналастырған. Жол кедергілерінен өту үшін әр команданың өзіндік тактикасы болуы қажет.Бұл сыннан біздің команда сүрінбей өз білік дағдыларын, епті икемді екенін көрсетіп жүлделі ІІІ орын  жеңіп алды.  Далалық жағдайда «туристік ас» даярлау, кешкі  таныстыру,бардтық ән айту  сайыстары өз деңгейінде өтті. Көп деген ерекшеленген , біз күтпеген таныстырылымдар болды. Үздік капитандар сайысында біздің жетекшіміз Абденов Жасұлан  «Ең үздік» капитан  атанды. Жарыстың екінші күнінде « Лидер» кезеңі өте қызықты және бір- біріне ұқсамайтын күрделі , топтың  біліктілігін , төзімділігін , шапшаңдығын  анықтады.Біз жарыс жолында қандайда бір қиындықтарға қарамай тек алға ұмтылумен болдық. Күннің суықтығына қарамай, алған жарақатты елемей, жарыс қызығына, жас балаша еніп кеткенімізді байқамай қалыппыз.

«Достық» лагерінде өткен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің  25 жылдығына және мұғалімдер күніне арналған білім саласы қызметкерлері арасында  екі күнге созылған туристік жарыс нәтижесінде командалық есеп бойынша ІІІ орын және кіші кубокты қанжығаға байлап, таза ауа , табиғат аяасында болып. Туристердің кішкене ғана өмірімен танысып өзімізге мол тәжірибе жинап, туған жерге деген сүйіспеншілігіміз артып, қимастықпен қайттық.