030009, Ақтөбе, "Ақжар-2" тұрғындар алабы, 451"а" Mailto: aktobe-sh45@mail.ru aktobe.sh45@gmail.com

Телефон (факс): +7 (7132) 251-601

Басып шығару

Мектебіміздің ақберендері

Автор: Оспанқызы Н. on . Posted in Жаңалықтар

      Отаншылдық пен ұлттық рухты сіңіру, тілді, әдебиетті жете меңгерту мақсатында 8-11 класс оқушылары арасында "Ақберен" республикалық байқауының қалалық кезеңіне біздің мектебімізден үш оқушы қатысып, бақтарын сынады.

  Бұл байқау 6 бағыт бойынша жыл сайын ұйымдастырылады, биыл үшінші рет ұйымдастырылып отыр. Осы байқаудың "Шешендік өнер" бағытында 8-класс оқушысы Байзақұлы Әліби, "Көркем сөз" оқу бағытына 10-класс оқушысы Қасымбек Назерке, Шығарма бағытына 10-класс оқушысы Бектемирова Зинаида қатысты. Нәтижесінде шешендік өнерге жақындығын таныта білген Әліби жүлделі ІІ орынды иеленсе, 32 оқушының ішінен "Қозы Көрпеш-Баян сұлу" жырынан үзінді оқып, өзінің актерлық қабілетін таныта білген Назерке алғыс хатқа ие болды.

Отаншылдыққа, тіл, әдебиетті сүюге баулитын осындай байқаулар оқушыларымызды жігерлендіріп, ұлттық рухымызды бойларына сіңіріп өседі деп сенеміз.