030009, Ақтөбе, "Ақжар-2" тұрғындар алабы, 451"а" Mailto: aktobe-sh45@mail.ru aktobe.sh45@gmail.com

Телефон (факс): +7 (7132) 251-601

Басып шығару

Нәтижелі тәжірибе - кәсіби дамудың кепілі!

Автор: Ермаханова Айткүл on . Posted in Жаңалықтар


2015-2016 оқу жылының 16-28 қарашасы  аралығында гуманитарлық пәндер бірлестігі бойынша ашық сабақтар апталығы тізбектелген сабақтар топтамасы негізінде өтті. Мақсаты: Сабақта жеті модульді ықпалдастыра отырып, топтық жұмыс арқылы оқушыларды сыни ойлауға жетелеу, оқушының пәнге қызығушылығын арттыру, функционалдық сауаттылығын қалыптастыру, мұғалім тәжірибесіне өзгеріс енгізу.

 

Апталыққа 4 мұғалім 4 сабақтан барлығы 16 сабақ өткізді. Тізбектелген сабақтарды өткізу уақыты 10 күн мерзімді қамтыды. Мұғалімдер сабақта  білімді меңгертуде түрлі әдіс - тәсілдерді пайдалану  арқылы оқушының  жеке, жұппен, топпен бірлесе жұмыс жасай отырып,  білім алуына, өзіндік ой қорытып, шешім шығаруына, өзін - өзі, бірін - бірі бағалауға үйретуді мақсат етті.

 

Әрбір сабаққа қатысу арқылы мұғалімдер өзара тәжірибе алмасып,  өзінің кәсіби дамуына  бағыт - бағдар алды. Оқытудың  әр түрлі тәсілдерін көріп, өз тәжірибесімен салыстыра білді. Сабақты жоспарлауда нені үйрету керек? қалай үйрету керек? деген сауалдарға  жауап  алды. Бір класта өткізілген  4 сабақта оқушы  жүйелі, нәтижелі білім алатындығы байқалды. өз нәтижесін көрсетті. Нәтижелі тәжірибе  - кәсіби дамудың кепілі.