030009, Ақтөбе, "Ақжар-2" тұрғындар алабы, 451"а" Mailto: aktobe-sh45@mail.ru aktobe.sh45@gmail.com

Телефон (факс): +7 (7132) 251-601

Басып шығару

География пәні мұғалімі үздіктер қатарынан табылды

Автор: Биология пәнінің мұғалімі Каменова Ш.А. on . Posted in Жаңалықтар

Ұстаздар арасында өткізілетін байқау – мұғалімнің біліктілігі мен білімін ұштастыра отырып, өз деңгейін көрсете білетін дода десек те болады. Осындай мақсатта №45 орта мектептің география пәнінің мұғалімі Нұржігітова Ақлен Доғдырбайқызы «Болашақ бүгіннен басталады»  тақырыбында өткен география пәнінің мұғалімдерінің байқауына қатысып келді.

Сайыстың I кезеңінде «Жүгері энергиясы – жасыл экономиканың қайнар көзі» тақырыбында жүгері қалдығынан энергия алу жолдарын, жұмсалатын шығын көлемін зерттеп, талдап өз жобасын ұсынды. II кезеңінде «Мен тұрып жатқан жерімді қалай көремін» тақырыбында Ақжар елді мекенінің болашақтағы бейнесі макет арқылы жеткізді. Байқаудың III кезеңі бойынша Ақтөбе қаласының көрікті жерлері таңдалып алынып, қаланың Қазақ хандығының 550 жылдығына, Тәуелсіздікке 25 жыл толуына орай көрікті бейнесінен бейнеролик түсіріп, қала келбетімен бөлісті.

Байқау барысында Нұржігітова Ақлен Доғдырбайқызы өз білімін, тәжірибесін біріктіре отырып, ел тарихы туралы маңызды ойларын паш етті. Мұғалімнің ізденімпаздығы мен шеберлігі, білімі мен біліктілігі қазылар алқасынан бағаланып, 3 орынды иеленді.

Жас маманды жетістігімен құттықтап, педагогикалық қызметіне сәттілік тіледік.