030009, Ақтөбе, "Ақжар-2" тұрғындар алабы, 451"а" Mailto: aktobe-sh45@mail.ru aktobe.sh45@gmail.com

Телефон (факс): +7 (7132) 251-601

Басып шығару

Бейсенбілік белсенділікпен өтті

Автор: Әмиядинов А. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі on . Posted in Жаңалықтар

«Сәуір болмай, тәуір болмайды» деп қазақ текке айтпаса керек. Халықты қажытып жіберген суық сәуірдің басында кетіп, жер аяғы кеңіп, көктемгі шаруаның қызу шағы басталды. Солардың бірі – мектеп аумағына санитариялық тазалық жұмыстарын жүргізу және абаттандыру. Біздің мектепте бұл іс-шараға оқушылар мен мұғалімдер, ата-аналар қауымы белсенді түрде, жаппай қатысады десек артық болмайды. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оның бір көрінісі – 8 сәуір күні өткен «Таза бейсенбілік» акциясына жақсы көңіл күйменен алғашқы болып 8 «А» класс оқушылары мен класс жетекшісі Табанова Мөлдірдің қатысуы. Оқушылар өз класс жетекшісімен бірге мектебіміздің аумағын тазалауға зор үлестерін қосты. Тазалық жұмыстарына мектептің техникалық қызметкерлері де араласты.

Аталған шара алдағы уақытта да өз жалғасын табады.

        Көктемгі тазалық күні келіп жетті,

        Тынбай ұстаз, оқушы еңбек етті.

        Тазалықты ту еткен алтын ұяда

 

        Алғашқы бейсенбілік сәтті өтті.