030009, Ақтөбе, "Ақжар-2" тұрғындар алабы, 451"а" Mailto: aktobe-sh45@mail.ru aktobe.sh45@gmail.com

Телефон (факс): +7 (7132) 251-601

Басып шығару

Мектебіміздің психологы үздік жас мамандар қатарында

Автор: Черниязова Ж.Б. on . Posted in Жаңалықтар

          VI республикалық «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» педагогикалық олимпиаданың қалалық кезеңінде жалпы орта білім беретін мектеп психологтары арасында өткен жас мамандар сайысына мектебіміздің психологы Куккузова Бибінұр Асылбекқызықатысып, өзінің аз уақытта жинақтаған тәжірибесін әріптестерімен бөлісті.

 

            Байқаудың бірінші бөлімі  «Тәуелсіздік – Мәңгілік Ел мұраты»  атты эссе жазу, екінші бөлімі «Менің  кәсіби шеберлігім» деп аталатын  өзін-өзі таныстыру, үшінші бөлімі психологиядан элективті курс бағдарламасын немесе авторлық коррекциялық-дамыту бағдарламасын қорғау, төртінші бөлім ата-аналарға арналған психологиялық практикум және бесінші бөлімі психология бойынша тест тапсырмаларынан тұрды.  Психолог ретінде Бибінұр Асылбекқызы барлық бөлімде де өзін жан-жақты көрсете алды. Үшінші бөлім бойынша «Даму мүмкіндігі шектеулі балалармен жүргізілетін түзету-дамыту (коррекциялық) жұмыстарының» бағдарламасын және төртінші бөлім бойынша  «Ата-анамның қолдауы арманымның орындалуы» атты ҰБТ-ға қатысатын оқушылардың ата-аналарымен жүргізілетін психологиялық практикумын ұсынып, өзекті тақырыптарды қозғағаны үшін қазылар алқасының назарына ілініп, жүлделі ІІІ орынға ие болды. Біз Бибінұрдың алар асуы әлі алда екеніне сеніміміз мол.