030009, Ақтөбе, "Ақжар-2" тұрғындар алабы, 451"а" Mailto: aktobe-sh45@mail.ru aktobe.sh45@gmail.com

Телефон (факс): +7 (7132) 251-601

Басып шығару

Ешкім де ұмытылмайды, ештеңе де ұмыт болған жоқ

Автор: Кудайбергенов Д. Н. on . Posted in Жаңалықтар

       2016 жылдың  29 наурыз күні «қалалық жас туристер стансасы» ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Арайлы Ақтөбе – туған өлкем!» қалалық ғылыми-тәжірибелік конференциясына №45 орта мектептің атынан 9-класс оқушысы Қасымбек Назеркенің 1909 жылғы Патша үкіметі кезеңінде туылып, Ұлы Отан соғысын толықтай бастан өткерген, яғни 70 жылдық тарихы бар кеңес  үкіметін түгелдей көріп, саналы ғұмырында істеген жемісті еңбегінің зейнетін көрген соғыс және  еңбек ардагері  Шалқар ауданы, Мөңке би ауылының  құрметті тұрғыны Құдайбергенов Құрманғазы ақсақалдың деректеріне үңіліп, зерттеген тақырыбы  ұсынылды.

Өз жұмысында, 1990 жылдың 16 желтоқсанында дүниеден озған Құрманғазы атаның бейнесі – жағымды кейіпкер ретінде еш балама бояусыз түрде суреттеліп, әр жылдардағы өмірінің іздері, кейінгі ұрпақтары үшін, мол тәлім-тәрбие екендігі баяндады. Болашағынан мол үміт күткізер ізденімпаз Назеркенің еңбегі елеусіз қалмай, «Жас өлкетанушы» номинациясы бойынша алғыс хатпен марапатталды.  №45 орта мектептен алдағы уақытта да осындай талапты да, талантты шәкірттер  көптеп шығатынына ұстаздар қауымының сенімі мол деп толық айтуға болады.