030009, Ақтөбе, "Ақжар-2" тұрғындар алабы, 451"а" Mailto: aktobe-sh45@mail.ru aktobe.sh45@gmail.com

Телефон (факс): +7 (7132) 251-601

Басып шығару

“Ауғаныстан – жүректегі жара”

Posted in Жаңалықтар

         15 ақпан Кеңес әскерлерінің Ауғаныстан жерінен шығарылғанына 28 жыл толуына орай № 45 жалпы білім беретін орта мектепте ақпан айының 25 жұлдызында ауған соғысының ардагерлерімен кездесу кеші өтті. Бұл кездесуге Ақжар 2 ауылының тұрғыны ауған соғысының ардагері Мурзагалиев Орынбасар Досымбаевич пен №37 орта мектептің алғашқы әскери дайындық жетекшісі, тәжік – ауған соғысының ардагері  Құлтаев Нұрғиса Бекмұратұлы келді. Кездесу барысында оқушылар ардагер ағаларына өз ойларында жүрген сұрақтарын қойып, сұхбаттасты. Ардагер ағалар өз бастарынан өткен соғыс кезіндегі қиыншылықта-рын айтып өтті. Сонымен қатар оқушыларды патриот болуға, өз Отанына адал болуға және де сабақтарын жақсы оқуға шақырды. Кеш соңында мектеп директоры Ешмағамбетова Алмагүл Қуанышбайқызы ардагерлерді мерекелерімен құттықтап, алғыс айтты.