030009, Ақтөбе, "Ақжар-2" тұрғындар алабы, 451"а" Mailto: aktobe-sh45@mail.ru aktobe.sh45@gmail.com

Телефон (факс): +7 (7132) 251-601

Басып шығару

Тәжірибе алмасып, тағылымды іске куә болды

Автор: Қасымов Жандос on . Posted in Директордың блогы

Ырғыз – облысымыздың тарихи, көне, табиғаты ерекше аудандарының бірі. Бұл аудан аумағында талай тарихи оқиғалар өткені бәрімізге белгілі. Осы ауданға сәуір айының 21-23 күндері білім саласында іс-тәжірибе алмасу мақсатымен іссапарға барғанбыз. Мектебімізден бес педагог білім жүгін арқалап, Ырғызға жол тарттық. Көшбасшымыз, мектеп директоры Абзал Амантайұлы, әдіскер Қаракөз Тубасовна, орыс тілі пәні мұғалімі Шарипа Тынашевна, күміс көмей әнші-сері, музыка пәні мұғалімі Ерен Мүрсінұлы және мен дене шынықтыру пәні мұғалімі Жандос Қуанышұлы біздің мектептің делегациясын бастап бардық. Жалпы Ақтөбе қаласының № 13, 36, 49, 45 мектептерінен жаңа форматта деңгейлік бағдарлама бойынша білім жетілдіру курстарынан өткен ұстаздар барды. Бұл сапарымызың басты мақсаты ауыл мектебімен қала мектептері арасындағы тәжірибе алмасу еді.

 

Біз Ырғыз ауданы № 1 қазақ орта мектебінің ұжымы құшақ жайып қарсы алды. Осы білім шаңырағындағы ұстаздардың сабақтарына кіріп жәнеде қаладын келген мұғалімдер өз тәжірибелерімен бөлісті. Мектеміздің мұғалімдері сабақтар өткізіп, оқушылар мен аудан мұғалімдерінің ықыластарына бөленіп жатты.

Осы № 1 мектептің ұжымының қаржылай қолдауымен мектептің сурет пәні мұғалімі мектеп алдына ескерткіш орнатқан екен. Ескерткіш ақын, ұстаз, ағартушы Ахмет Байтұрсынұлына арналған. Ескерткіштің ашылу салтанатына байланысты жиын өтті. Біз де осы жиынға қатысып, мектеп ауласында көшеттер отырғыздық. Кешқұрым № 1 мектептің өнерлі ұжымы мен оқушылары ұйымдастырған мерекелік концертіне қатыстық. Өнер десе ішкен асын жерге қоятын халықпыз ғой, концертке аудан халқы көп жиналды. Әр түрлі жанрда ән шырқалып, мың бұралған бишілер халыққа керемет көңіл күй сыйлады. Мектебіміздің әнші жігіті Ерен Мүрсінұлы ырғыздықтарға қаладан базарлығын әнмен жеткізді.

 

     Іс-сапарымыздың үшінші күні тәжірибе алмасу мақсатындағы іс-шаралардың қорытындысы шығарылып, аудандық білім бөлімі басшысы қаладан келген қонақтарды құрмет грамоталарымен мадақталды.