030009, Ақтөбе, "Ақжар-2" тұрғындар алабы, 451"а" Mailto: aktobe-sh45@mail.ru aktobe.sh45@gmail.com

Телефон (факс): +7 (7132) 251-601

Басып шығару

ҰСТАЗДАР – БЕЙНЕ САРА ЖОЛ

Автор: Super User on . Posted in Директордың блогы

gurnal1 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Еліміздің президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Біз Жалпыұлттық идеямыз – Мәңгілік Елді басты бағдар етіп, тәуелсіздігіміздің даму даңғылын Нұрлы Жолға айналдырдық. Қажырлы еңбекті қажет ететін, келешегі кемел Нұрлы Жолда бірлігімізді бекемдеп, аянбай тер төгуіміз керек... Отанды сүю – бабалардан мирас болған ұлы мұраны қадірлеу, оны көздің қарашығындай сақтау, өз үлесіңді қосып, дамыту және кейінгі ұрпаққа аманат етіп, табыстау деген сөз. Барша қазақстандықтардың жұмысының түпкі мәні – осы!.. Біздің кейінгі ұрпаққа аманаттар ең басты байлығымыз – Ел бірлігі болуы керек. Осынау жалпыұлттық құндылықты біз әрбір жастың бойына сіңіре білуге тиіспіз» деген сөздерінен МӘҢГІЛІК ЕЛ, ОТАН, БІРЛІК, ЕҢБЕК, ҰРПАҚ  ұғымдары арқылы мұғалімдерге үлкен жүк артылып тұрғаны байқалады.

         Мектебіміз – Ақжар-2 тұрғындар алабында ашылған алғашқы білім мекемесі. Сондықтан өскелең ұрпаққа білім мен тәрбие беріп, мектебіміз заманның өрісті талаптарының биігінен көрінеді деп үміттенемін. Ахмет Байтұрсынұлының «Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектебі Һәм сондай болмақшы…», Бауыржан Момышұлының  «Ұрпақтарды ұстаздар тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді» деген сөздері ойға ой қосады.  Осы тұста жаңадан тәй-тәй басып, 2 жасқа толған біздің мектебімізде де ел ертеңі – жастар тәрбиесі мен білімін қалыптастыруға елеулі үлес қосып жүрген Динара Мұрзатайқызы, Құрманай Базарбайқызы, Қарагөз Тубасқызы, Айткүл Әбдіхалыққызы, Ақниет Бахытқызы, Ақгүл Мұратбайқызы, Шынар Серікқызы, Шамшырақ Томатқызы есімді ұлағатты ұстаздар бар екендігін  айтқым келеді. Өскелең ұрпаққа білім беріп, мектебіміздің көркеюіне аянбай еңбек ететін мектебіміздің ЕР АЗАМАТТАРЫ Нұрлан Әбдіраманұлы, Нұрболат Жанұзақұлы, Марат Серікұлы, Жандос Қуанышұлы, Көбейсін Асанұлы және Қолқанат Тұрымжанұлына ризашылығымды білдіріп, алдағы уақытта мектебіміздің биіктен көрінуіне әлі өз үлесін қосады деп сенім артамын.  Ұжымымызға биыл қосылған тәжірибелі ұстаздар Алмагүл Сабырханқызы, Шарипа Танашқызы, Нұржамал Сайлауқызы, Эльмира Сисенбіқызы, Шолпан Амангелдіқызы  өздеріне артылған халықтың үміт оты мен сенімін абыроймен атқарады деп ойлаймын.  Сонымен қатар, болашақта үлкен үміт күтуге болатын, өз қатарының алды болып жүрген жас мұғалімдер Аругүл Жанайқызын, Бибинұр Асылбекқызын, Әйгерім Ерболқызын, Эльмира Қонысбайқызын  және Мөлдір Ерболатқызын атауға болады. 

       Өз өмірін бала тәрбиесіне арнап, алғашқы жылдары мектебімізде еңбек еткен, қазіргі таңда жаңадан ашылған №49 орта мектепке қызмет бабымен ауысқан Уәли Тәжіғалиұлы, Лиза Ерғалиқызы, Рамиза Жұмағалиқызы, Марина Сейілханқызы есімді тәжірибелі мұғалімдерімізді айтпай кетуге болмайды деп ойлаймын.
Француздың ұлы ойшыл-философы Ж.Руссо «Ұстаздық ету – өзінің уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау» деген ұлағатты сөзін өмірлік қағида ретінде ұстанып, ел болашағы үшін аянбай тер төгіп жүрген № 45 орта мектептің ұстаздар қауымына шығармашылық шабыт, еңбекте абырой тілей отырып, «Мәңгілік ел» идеясын БІРІГЕ жүзеге асыруға, яғни ұрпақты тәрбиелеуде ұлттық құндылықтарды әрбір оқушының бойына сіңіруге, нәтижелі білім беруге шақырамын.
Сөз соңын ұлы бабамыз Абайдың
               Ақырын жүріп, анық бас,
               Еңбегің кетпес далаға.
               Ұстаздық еткен жалықпас,
          Үйретуден балаға, – дегең өлең жолдарымен аяқтай отырып, осы журнал Сіздердің КӨЗГЕ КӨРІНБЕЙТІН КҮНДЕЛІКТІ ЕРЕН ЕРЛІКТЕРІҢІЗГЕ арналады демекпін.

Тажимишев А.А., мектеп директоры                  

Prev Next