030009, Ақтөбе, "Ақжар-2" тұрғындар алабы, 451"а" Mailto: aktobe-sh45@mail.ru aktobe.sh45@gmail.com

Телефон (факс): +7 (7132) 251-601

Басып шығару

Тіл – ұлттың жаны

Posted in Әдістемелік қоржын

images2013 жылдың 13 желтоқсанында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Тубирова Айгерімнің ұйымдастыруымен 6 «А» класында «Ана тілім – бабам тілі, өз тілім» тақырыбында сыныптан тыс шара өткізілді. Мақсаты: Оқушыларға ана тілінің маңызы туралы түсінік бере отырып, оқушыларды мәнерлеп оқуға, шешен сөйлеуге, ана тілін құрметтеуге тәрбиелеу.

imagesШара барысында оқушылар ана тілі туралы өлеңдерді нақышына келтіріп оқи білді. Оқушылардың шешендік өнерге деген қызығушылығын арттыру мақсатында «Сөз бастаған шешендер» атты көрініс көрсетіліп, оқушылар үш бидің образын шебер сомдады. «Ананың тілі», «Жаса қазағым», «Қазақ елі осындай» әндерін шырқаған оқушылар көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.

Талабы зор әріптесім Әйгерімге шығармашылық ізденіс, мұғалімдік қызмет жолында толағай табыстарға жете беруіне тілектеспін