030009, Ақтөбе, "Ақжар-2" тұрғындар алабы, 451"а" Mailto: aktobe-sh45@mail.ru aktobe.sh45@gmail.com

Телефон (факс): +7 (7132) 251-601

Басып шығару

«Үздік класс жетекші – 2015» байқауы

Автор: Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Кубатаева К.Б. Posted in Сайыстар

imagesҚазіргі заман балаларын тәрбиелеуде класс жетекшілердің атқаратын қызметі өте маңызды ролге ие болып отыр. Осыған орай, класс жетекшілердің кәсіби деңгейлері мен біліктілігін көтеру және олардың жұмыстарын бағалау мақсатында «№45 орта мектеп» ММ директорының бұйрығы негізінде «Үздік класс жетекші – 2015» байқауы ІІ кезеңнен ұйымдастырылып өткізілді. І кезеңге 13 класс жетекшілері портфолио тапсырып, оның 4-еуі ІІ кезеңге жолдама алды.

Бірінші кезеңде әр класс жетекші өз тәжірибесін, класпен жүргізген жұмысын жан-жақты жинақтап ұсынды. Портфолиосы жинақы, класс жетекшілік еңбегін, жұмысын нақты көрсете білген Смайлова А. (6 «А»), Сағиева Г. (4 «Ә»), Табанова М. (7 «Ә») және Қалдыбаева М. (2 «Ә») класс жетекшілері екінші кезеңде бақ сынады.

imagesҮш кезеңнен тұратын байқау жеңімпазы Сағиева Гүлмира Исенбайқызы «Үздік класс жетекші – 2015» атағын иеленіп, Ақтөбе қаласы білім бөлімі, Қалалық ғылыми әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өтетін қалалық байқауға №45 орта мектеп атынан қатысуға жолдама алды.

Сәт сапар, Гүлмира Исенбайқызы!