030009, Ақтөбе, "Ақжар-2" тұрғындар алабы, 451"а" Mailto: aktobe-sh45@mail.ru aktobe.sh45@gmail.com

Телефон (факс): +7 (7132) 251-601

Басып шығару

«Жұлдыздарды жандыратын «Жұлдызай – 2015» дәстүрлі өнер фестивалі»

Автор: Әлеуметтік педагог Ермухамбетова А. Posted in Сайыстар

images«Жұлдызай» фестивалі Қазақстандағы мүмкіндігі шектеулі балалардың шығармашылығына арналған жалғыз шара. Фестиваль дәстүрлі түрде биыл оныншы рет өткізілді.

Жыл сайын өткізілетін «Жұлдызай» фестивалінің негізгі мақсаты – даму мүмкіндігі шектеулі талантты балаларды анықтау және шығармашылық қабілеттерін дамыту, қоғамның аталған санаттағы балаларға деген көңілін аудару. Фестивальге қатысушылар вокалдық орындау, сурдоаударма ән айту, би, бейнелеу өнері, декоративті - қолданбалы шығармашылық, аспаптық орындау аталымдары бойынша өз өнерлерін ортаға салды.

Байқаудың қалалық кезеңі Ақтөбе білім бөлімі жанындағы «Ғылыми-әдістемелік орталық» МҚҚК-ны қолдауымен 10 сәуір күні Балалар және жасөспірімдер шығармашылық үйі ғимаратында өтті. Қала мектептерінен 14 өнерпаз балдырғандар қатысып, өнерлерін көрсетті. Ақтөбе орта мектебі-би, 15 орта мектебі- аспаптық орындау, Ғ.Ақтаев атындағы №6 орта мектеп - ән айту, М.Арын атындағы Қарғалы қазақ орта мектебі- бейнелеу өнері номинациялары бойынша облыстық кезеңге жолдама иеленсе, біздің мектептен 5 «А» класс оқушысы Назыбекова Гүлсая «Декоративті – қолданбалы өнер» номинациясы бойынша І орын иеленіп, облыстық кезеңге жолдама алды.

imagesimagesФестивальдің облыстық кезеңі 14 сәуір күні Ақтөбе облыстық «Алақай» қуыршақ театрының акт залында өтті. Фестивальге облысымыздың барлық аудан-қалаларынан келген 10 – 18 жас аралығындағы мүмкіндігі шектеулі жүзден астам жас дарын қатысып, бақ сынады.

Байқауға көпке танымал «МузАРТ» тобының мүшесі Сәкен Майғазиев әділ қазылық етіп, кешті өзінің «Ана» әнімен бастап берді.

Жастайынан өмір соқпағын көріп, тауқымет тартқан жандардың арасында да жаны өнерге бейімдері де жетерлік екеніне жан қуанатын әсерлі кеш болды. Фестивальдің барлық қатысушылары облыстық білім басқармасының сертификаттары және сыйлықтармен марапатталды. Байқаудың қорытындысы бойынша таңдаулылар ағымдағы жылдың бірінші маусымында Астана қаласында өтетін гала-концертке қатысатын болады.