030009, Ақтөбе, "Ақжар-2" тұрғындар алабы, 451"а" Mailto: aktobe-sh45@mail.ru aktobe.sh45@gmail.com

Телефон (факс): +7 (7132) 251-601

Басып шығару

«ТУРИАДА – 2014» ТУРИСТІК ЖОРЫҚ

Автор: Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Тубирова А.Е. Posted in Сайыстар

imagesМұғалімдер күні қарсаңында, Қалалық жас туристер Стансасының ұйымдастыруымен 2-3 қазан күндері қаламыздыдағы «Достық» лагерінде қала мектептері үшін «Туриада – 2014» спорттық – туристік сайысы өтті. Туриадаға мектебіміздің дене шынықтыру пәнінің мұғалімдерінен құралған «45 Алауы» командасы қатысты.

Команда құрамы:

  • Нысанов Нұрболат – команда капитаны
  • Қасымов Жандос
  • Ахмет Қолғанат
  • Сундетов Кубейсин
  • Тубирова Айгерим

Туристік жорығымыз екі күніге жалғасты. Бірінші күні «Кростық жарыс», яғни 6 шақырымдық жарыс жолында 7 кезеңнен тұратын табиғи кедергілерден өту болса, екінші күн аспалы өткелден өту ...

Әр кезең өте қызықты, әсерлі әрі күрделі ұйымдастырылған. Бұл сайыстың әр кезеңі, топтың біліктілігін, төзімділігін, шапшандығын байқата отырып, командамен жұмыс жасауды үйретті.

Туристік жорық жолында күннің суықтығына қарамай, алған жарақатты елемей тек алға ұмтылумен болған «45 Алауы» тобы, барлық кедергілерді мүлтіксіз өтіп, өздерін жоғары дәрежеде көрсетті. Сөйтіп , біздің команда «Кросс жорығы» бойынша ІІІ орын, «Үздік фото сурет» номинациясынан І орын, «Үздік капитан» номинациясы бойынша І орын, «Үздік командалық таныстыру» бойынша ІІІ орын, және «Туриада-2014» жорығы бойынша жалпылай есепте ІІІ орынды қанжығалады.