030009, Ақтөбе, "Ақжар-2" тұрғындар алабы, 451"а" Mailto: aktobe-sh45@mail.ru aktobe.sh45@gmail.com

Телефон (факс): +7 (7132) 251-601

Басып шығару

Бір кластағы қос жетістік

Автор: № 45 орта мектептің әлеуметтік педагогы А.Ермухамбетова. Posted in Сайыстар

images№ 45 орта мектептің 1 «Б» класс оқушысы Абдраманова Ақмерей Алтынбекқызы Алматыдағы ХІХ Республикалық интеллектуалды шығармашылық бағдарлама «Одиссея разума» фестивалінен жүлделі ІІ орын алды. Байқауға қатысуға көрнекі құралдар жасауға қол ұшын бергіп, дайындаған мұғалімі Жұмағазина Балагүл Қанатқызының еңбегі ерекше бағаланып, алғыс хатпен марапатталды.

imagesКішкентай Ақмерейдің екінші жетістігі «Қазхром» трансұлттық компаниясы акционерлік қоғамының ұйымдастыруымен өткен дәстүрлі «Айналайын-2014» конкурсынан көрермендер мен әділ қазы алқасын тәнтi қалдырып, тамаша өнер көрсетіп кіші топ ішінде «Вокал» номинациясы бойынша Бас жүлдені жеңіп алып мектеп мерейін асқақтатқаны.

Жарайсың, Ақмерей! Алдағы уақытта да жұлдызың оңынан туып, түрлі додаларда сәттіліктер тілейміз!