030009, Ақтөбе, "Ақжар-2" тұрғындар алабы, 451"а" Mailto: aktobe-sh45@mail.ru aktobe.sh45@gmail.com

Телефон (факс): +7 (7132) 251-601

Басып шығару

«Үздік мұғалім-2014» сайысы

Автор: Д. М. Джолдасбаева, мектеп директорының оқу-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары. Posted in Сайыстар

Мектеп –білім тірегі,
Ұстаз оның жүрегі

imagesБілім беру саласына инновациялық нысандар мен оқыту технологияларын енгізу педагог қызметкерлердің тұлғасына және кәсіби құзыреттілігіне жоғары талаптар қояды. Білім беру саласы алдыңғы кезекте, сапалы даярлығы бар мұғалімдермен айқындалады. Осы орайда №45 орта мектепте 7-22 сәуір аралығында мектепішілік «Үздік мұғалім- 2014» сайысы өткізілді. Сайыстың мақсаты: білім беру ұйымындағы талантты мұғалімдерді анықтау және педагог мамандардың мәртебесін көтеру. Сайыс мынадай кезеңдерден тұрды:

І кезең «Педагог шығармашылығы» кәсіби шығармашылықты бағалау.

  1. Мұғалімдердің шығармашылық портфолиосын сырттай бағалау
  2. Педагогикалық тәжірибесінің ғылыми-әдістемелік бағытын сипаттайтын мақала
  3. Фотокөрме «Ұстаз атына лайық»

ІІ кезең «Мұғалім шеберлігі» (мұғалімнің сабағын тікелей бақылау)

ІІІ кезең «Педагогика әлеміне саяхат»

  1. Педагогикалық тәжірибесін жарнамалау (3-5 минут)
  2. «Мұғалім мұны білуі тиіс» (сұрақ-жауаптар кезеңі)
  3. «Бұл жағдайда...» (педагогикалық жағдаяттарды талдау)
  4. Өнерлі ұстаз

Осындай кезеңдерден тұратын сайыста бақ сынаған мұғалімер өздерінің кәсіби құзіреттілігін, зияткерлік қабілеттерін, тұлғалық қасиеттерін көрсете білді. Сайысқа комиссия мүшелері бекітіліп, сайыскерлер әр кезеңдер бойынша ұпай сандарымен бағаланды. Нәтижесінде қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Оспанқызы Нұрбану І орынды, бастауыш класс мұғалімі Махамбетова Шамшырақ пен қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ильясова Айнаш ІІ орынды, бастауыш класс мұғалімі Искендирова Айнұр ІІІ орынды иеленді.

Ұстаз болу-жүректің батырлығы,
Ұстаз болу- сезімнің ақындығы.
Ұстаз болу- мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы, -дегендей ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - өз өмірін ұстаздықпен астастырған әр тұлғаның міндеті. Мектебіміздегі барша ұстаздар қауымына алдағы уақытта шығармашылық табыс, биік белес, талмас талап, әрқашан ұстаз атына лайық тұлға болуларына тілектеспіз.