030009, Ақтөбе, "Ақжар-2" тұрғындар алабы, 451"а" Mailto: aktobe-sh45@mail.ru aktobe.sh45@gmail.com

Телефон (факс): +7 (7132) 251-601

Назар аударыңыз
  • The was a problem converting the source image.
  • There was a problem rendering your image gallery. Please make sure that the folder you are using in the Simple Image Gallery plugin tags exists and contains valid image files. The plugin could not locate the folder: images/1506173
Басып шығару

Оқушының жетістігі-ұстаз еңбегінің жемісі

Автор: № 45 орта мектептің математика пәнінің мұғалімі Смайлова А.Ү. Posted in Марапаттаулар

images «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деп Абай атамыз айтқандай, ұстаздың бас міндеті – шәкіртін білім нәрімен сусындату. Олардың жеткен жетістігі – ұстаз еңбегінің жемісі.

Мұғалім еңбегі біріншіден, адамзат қоғамы тарихында жинақталған ғылым негіздерінен білім беруге тиіс болса, екіншіден, ол үнемі оқушылармен қарым - қатынаста болып, білсем, үйренсем деген бала тағдырына басшылық етуді мойынына алған адам. Мектебімізде 2014-2015 оқу жылында оқушылардың ғылыми зерттеу жұмысын ұйымдастыру жұмыстары мақсатты әрі жүйелі түрде бағытталған. Ғылыми жұмыспен айналысудың тиімділігі – көзбен көріп, құлақпен естіп, есте сақтай отырып,оқушыны ізденіске, іскерлік пен танымдық ынтаға, шығармашылық қабілетті жетілдіру арқылы түрлі мәселелерді шеше білуге, тапқырлыққа, жаңа ғылыми ізденіске жетелейді.

Қазақстан Республикасының Кіші Ғылыми Академиясының ХІХ ғылыми-тәжірибиелік конференцияға қатысып, мектебіміздің оқушылары жүлделі орындармен оралды. Облыстық конференцияның нәтижесі бойынша физика пәнінен 7 класс оқушысы Сапар Д ІІІ орын, жетекшісі физика пәнінің мұғалімі А.Утегенова; математика пәнінен 8 класс оқушылары Ізбасарова П пен Мыңбаева А ІІ орын, жетекшісі математика пәнінің мұғалімі А.Смайлова; қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен 6 класс оқушысы Басарова А ІІ орын; жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі А.Ермаханова; тарих пәнінен 8 класс оқушылары З.Бектемирова мен Д.Өмірзақов ІІІ орын, жетекшісі тарих пәнінің мұғалімі Г.Байсеитова болды.

{gallery}1506173{/gallery}

Облыстық конференцияның қорытындысы бойынша оқушылар Ақтөбе қаласында өткен 41 республикалық кезеңге жолдама алды және оның қорытындысы бойынша қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен 6 класс оқушысы Басарова А ІІІ орынды иеленді, жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі А. Ермаханова. Бұл жетістіктер мектеп тарихына өзіндік үлестерін қосады. Беріліп жатқан білімнің нәтижесі білім сапасының көрсеткіші. «Ел келешегі - ұстаз қолында»-деген тұжырымды баса айта отырып, өнімді шығармашылықты өрістету жолында өркениет шыңына ілгері басу мақсатында шебер ұстаздарымыздың саны жыл санап арта берсін деген тілегімді білдіремін.