030009, Ақтөбе, "Ақжар-2" тұрғындар алабы, 451"а" Mailto: aktobe-sh45@mail.ru aktobe.sh45@gmail.com

Телефон (факс): +7 (7132) 251-601

Басып шығару

Оқушының жетістігі-ұстаз еңбегінің жемісі

Posted in Марапаттаулар

images «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деп Абай атамыз айтқандай, ұстаздың бас міндеті – шәкіртін білім нәрімен сусындату. Олардың жеткен жетістігі – ұстаз еңбегінің жемісі.

Мұғалім еңбегі біріншіден, адамзат қоғамы тарихында жинақталған ғылым негіздерінен білім беруге тиіс болса, екіншіден, ол үнемі оқушылармен қарым - қатынаста болып, білсем, үйренсем деген бала тағдырына басшылық етуді мойынына алған адам. Мектебімізде 2014-2015 оқу жылында оқушылардың ғылыми зерттеу жұмысын ұйымдастыру жұмыстары мақсатты әрі жүйелі түрде бағытталған. Ғылыми жұмыспен айналысудың тиімділігі – көзбен көріп, құлақпен естіп, есте сақтай отырып,оқушыны ізденіске, іскерлік пен танымдық ынтаға, шығармашылық қабілетті жетілдіру арқылы түрлі мәселелерді шеше білуге, тапқырлыққа, жаңа ғылыми ізденіске жетелейді.

Басып шығару

Менің жетістігім – мектебімнің мерейі

Posted in Марапаттаулар

images«Еліміздің болашағы – жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры – ұстаздардың қолында» деп ел президенті айтпақшы, қазіргі бәсекеге қабілетті қоғамда ұстаздар қауымының алдында үлкен жауапкершілікті міндет тұрғаны айқын. Жас ұрпаққа сапалы біліммен қатар саналы тәрбие беру жолындағы бала жанының бағбаны класс жетекшілердің алар орны ерекше. Өзінің міндетін орындауда уақытпен санаспайтын класс жетекшінің еліміздің болашағы – жас ұрпақты тәрбиелеудегі еңбегі орасан зор. Осы бағытта Ақтөбе қаласының білім бөлімі мен қалалық кәсіподақ комитеті ұйымының ұйымдастыруымен қазіргі қоғамдағы тәрбиенің рөлін арттыру, жалпы орта білім беру жүйесіндегі тәрбие үрдісін жетілдіру, педагогикалық қызметкерлер құзырлылығын дамыту мақсатында қалалық «Үздік класс жетекші-2014» байқауы ұйымдастырылды.

Басып шығару

Жас маманның белесі

Posted in Марапаттаулар

images2013 жылдың желтоқсан айында «Үздік география пәнінің мұғалімі-2013» тақырыбында география пәні мұғалімдерінің арасында өткен қалалық байқауға мектебімізден жас маман, география пәнінің мұғалімі Башанова Эльмира қатысқан болатын.

Байқау мақсаты: шығармашылықпен жұмыс жасайтын география пәні мұғалімдерінің дарындылығын айқындау, қолдау көрсету, жаңашыл педагогикалық тәжірибелерін жинақтап, тарату болатын. Байқаудың үш кезеңінен де сүрінбей өткен әріптесіміз Башанова Эльмира өзінің зеректігі мен білімінің арқасында қала мұғалімдерінің арасынан жүлделі екінші орынды иеленіп қайтты. Әріптесіміздің жеткен жетістігіне қуанып, қуанышына ортақтасамыз. Алдағы уақытта да алар асуларының көп болуына, шығармашылығының шыңдала беруіне және талантты шәкірттерінің көп болуына тілектестік білдіреміз.

Басып шығару

Құтты болсын 60 жастың белесі!

Posted in Марапаттаулар

imagesҚиындығы мен қызығы қатар жүретін ұстаздық өмірде көп жылғы еңбектің арқасында зор құрметке, үлкен беделге ие болып жатқан ұлағатты да, тәжірибелі ұстаздарымыз жетерлік. Солардың бірі де, бірегейі деп мектебіміздің ардақты ұстазы, мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Құрманғазина Слушаш Ақнаурызовнаны атап өтер едім.

Білім саласында көп жыл мерейлі қызмет атқарған, өз мамандығының шебері, аяулы ана, ардақты әже, ұлағатты ұстаз Слушаш Ақнаурызовна 15 қаңтар күні асқаралы 60 жасқа толды. Мектебімізде ұстаздың асқаралы 60 жасқа толған мерейтойы аталып өтілді. Мерейтойлық жиынға мектеп ұжымы түгел қатысып, ұстаздың еңбек жолы таныстырылып, жүректерден шыққан лебізге толы құттықтаулар айтылып, әсем әндер шырқалды. Әр пән бірлестіктері өз құттықтау лебіздерін әзіл, шыны аралас өлеңдермен, әндермен жеткізіп, ұстаз көңілін марқайтып тастады. Сонымен қатар мерейтойлық құттықтауларымен ұстазымыздың бұрынғы ұжымдастары № 37 орта мектептің ұзтаздар ұжымы да келіп, өздерінің жүрекжарды тілектерін білдірді. Ұстазды мерейлі 60 жасымен құттықтай отырып, ұстаздықпен астасқан ғұмырына зор денсаулық, шығармашылық жұмыстар, биік белестер, толағай табыстар, үлкен асулар және отбасы бақытын тілейміз.