030009, Ақтөбе, "Ақжар-2" тұрғындар алабы, 451"а" Mailto: aktobe-sh45@mail.ru aktobe.sh45@gmail.com

Телефон (факс): +7 (7132) 251-601

Басып шығару

Сыни тұрғыдан ойлау-сынау емес, шыңдалған ойлау

Автор: Сағиева Гүлмира Исенбайқызы бастауыш класс мұғалімі. Posted in Деңгейлік бағдарлама

imagesАқтөбе қаласында Қазақстан Республикасы педагог кадрларының біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламалары аясында бірінші(ілгері), екінші(негізгі) және үшінші(базалық) деңгей бағдарламаларын игерген мұғалімдердің іс-тәжірибесін білім беру ісіне енгізу және әріптестеріне меңгерту мақсатында құрылған 7 қоғамдастық бар. Соның бірі «Ізденіс» қоғамдастығы. Оның құрамына қаланың №45 ОМ, №55 ОМ, №8 ОМ, №29 ОМ, №42 ОМ, №46 ОМ, №51 МГ, №52 НМ, №49 ОМ және №44 кешкі ауы- сымдағы мектептері қамтылған. Қоғамдастықтың жетекшісі № 29 ОМ физика пәнінің мұғалімі Ә.Ә.Айтмағанбетова. Жақын арада ғана құрылған қоғамдастықтың алғашқы семинарын жаңалыққа жаны құмар екендіктерін дәлелдеп №45 орта мектептің ұжымы өткізді. Семинардың тақырыбы «Сыни тұрғыдан ойлау - сынау емес, шыңдалған ойлау» деп аталды. Семинардың мақсаты: «Кәсіби қоғамдастық құра отырып, мұғалімдердің өзара тәжірибе алмасуын қамтамасыз ету, педагогикалық шеберлігін шыңдау және шығармашылық ізденісін арттыру». Семинарға қоғамдастыққа мүше мектептің мұғалімдері қатысты, сонымен қатар ПШО тренері Г.У. Дарменова, Ақтөбе қаласының ғылыми-әдістемелік орталығының директоры Ж.Ж.Мухамбетова, «Өрлеу» біліктікті арттыру орталығының тренерлері А.А.Изтлеуова және Ғ.О.Муканова қатысты.

Семинарды мектеп директоры А.А.Тажимишев ашып, келген қонақтарға сөз берілді. Семинар «Мен кіммін?» танысу тренингінен басталды. Семинарға қатысушы ұстаздар жетондар арқылы екі топқа бөлініп, ашық сабақтарға қатысты. Мектебімізде осы 2014-2015 оқу жылынан бастап, әріптестерге ІІІ (базалық) деңгей бағдарламасы негізінде оқыту мен оқу әдістерін меңгерту мақсатында фокус топтар құрылған еді. Семинарда фокус топ мүшелері тәжірибелік топ мүшелерімен бірлесе отырып, «Сыни тұрғыдан ойлау - сынау емес, шыңдалған ойлау» атты коучингті өткізу барысында, осы кезеңге дейінгі меңгерген машықтарын көрсетті.

Коучинг соңында кері байланыс алу мақсатында, қатысқан барлық ұстаздар семинардан алған әсерлерін бөлісе отырып, №45 орта мектеп ұжымына жүрек жарды тілектерін стикерлерге жазып, «Тілек» ағашына жапсырды. Семинар соңында ПШО тренері Г. У. Дарменова және Ақтөбе қаласы ғылыми-әдістемелік орталығының директоры Ж.Ж. Мухамбетова №45 ОМ ұжымының алдағы жоспарларына сәттілік тілей отырып, мектеп директоры А.А. Тажимишевке үлкен алғысын білдірді.