030009, Ақтөбе, "Ақжар-2" тұрғындар алабы, 451"а" Mailto: aktobe-sh45@mail.ru aktobe.sh45@gmail.com

Телефон (факс): +7 (7132) 251-601

Басып шығару

Тіл – ұлт рухының тірегі

Автор: Табанова М.Е. on . Posted in Бірлестіктер

          22 қыркүйек – Қазақстан Республикасы халықтарының Тілдер мерекесі. Мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болған ана тілімізбен қатар өзге ұлттың тілдеріне де құрметпен қарау – әр адамның  міндеті. Осы мерекеге біздің мектебіміз де өз үлесін қосып, қазақ тілі, орыс тілі және ағылшын тілі пән мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Тіл – ұлт рухының тірегі» атты үш тілде кеш өткізілді. Кеш ана тіліміздің сұлулығын көрсететін қойылыммен басталып, «Достық үйіне» саяхат жасаумен жалғасын тапты.

Кеш барысында мектеп  оқушылары  қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде өлең оқып, ән шырқады.  Аталған шараны 7-класс оқушысы Сатиев Рахман «Көк тудың желбірегені» әнімен аяқтады.

 

Үш тілді біріктіре өткізілген шара үш тілдің тұғырлылығын, қазақ тілінің сұлулығын, өткірлігін тағы да бір рет дәлелдеді десем  артық болмас. Осындай іс-шаралар арқылы  тілімізді жетілдіріп, тіліміздің беделін арттыру – басты мақсатымыз.