030009, Ақтөбе, "Ақжар-2" тұрғындар алабы, 451"а" Mailto: aktobe-sh45@mail.ru aktobe.sh45@gmail.com

Телефон (факс): +7 (7132) 251-601

Басып шығару

Білімді мыңды жығар

Автор: А.Тлеулина қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі on . Posted in Бірлестіктер

imagesГуманитарлық пәндер бірлестігінде екінші ақпаннан бастап "Мәңгілік ел - мұратым" тақырыбында кластан тыс шаралар апталығы өткізілуде. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Н.Оспанқызы "Білімді мыңды жығар" атты интеллектуалды сайыс өткізді.

imagesСайысқа 8,9-кластың озат оқушылары қатысып, білімдерін сынады. Сайыс "Өткел", "Белес", "Қырат", "Асу", "Шың" атты бөлімдерден тұрды. Сұрақтар негізінен Ұлы жеңіске 70 жыл, Қазақ хандығына 550 жыл, Конституцияға 20 жыл, Қазақ халқы ассамблеясының 20 жылдығы төңірегінде болды. Әділ қазылар бақылаған ұпай қорытындысы бойынша алға шығып, жеңіске, білім шыңына жеткен 8-класс оқушысы Мыңбаева Аржан. Екінші орында 8-класс оқушысы Мәжитова Аяжан. Сайыс қызықты, тартымды өтті.