030009, Ақтөбе, "Ақжар-2" тұрғындар алабы, 451"а" Mailto: aktobe-sh45@mail.ru aktobe.sh45@gmail.com

Телефон (факс): +7 (7132) 251-601

№ 45 ОРТА МЕКТЕП САЙТЫ ЖҰМЫСЫН ҚАЛАЙ БАҒАЛАР ЕДІҢІЗ?

Учительский труд-дело всей жизни!

В рамках обновленного содержания обучения в настоящее время уделяется большое внимание профессиональному росту и  совершенствованию педагогического мастерства учителей иностранных языков.

Алғашқы жеңіс!

Елінің сенімін, ата-анасы мен ұстазының үмітін ақтамаққа және білім нәрінен сусындамақ үшін 1-қыркүйекте кішкентай ғана бүлдіршіндер алғаш мектеп табалдырығын қуана аттады.

Сенбілік

          Сенбілік – Кеңес өкіметі еңбекшілерінің өз еркімен ақысыз еңбек етуі, коммунистік шара. Алғашқы сенбілік 1919 жылы 12  сәуірде коммунистердің бастамасы бойынша пайда болды. Бүгінгі күннің өзінде бұл сенбілік өз жалғасын табуда. Өткен сенбі күні ұйымдастырылған сенбілікке Ақтөбе қаласы №45 жалпы білім беретін орта мектеп те қатысты. Таңертеңгі сағат 9-дан бастап сенбілікке қатысып, өз аумақтарынан қоқыс-қалдықты шығарып, қураған шөп-шалаңдардан тазартты. Бұл сенбілікке мектеп ұстаздарымен қатар кіші қызметкерлері  және 1-10 сынып оқушылары белсене атсалысты. “Тазалық – денсаулық кепілі”,-деп қазақ атам тегін айтпаған. Ендеше әрбіріміз өз қаламыз бен оқитын мектебімізді, ауламызды көгертуге атсалыссақ нұр үстіне нұр болары сөзсіз!

21 ғасыр ата-аналарының «Өз балаңа үлгі бол» тақырыбында «Бірінші сынып оқушыларының ата-аналарына психологиялық көмек» республикалық ата-аналар конференциясы

21 ғасыр  ата-аналарының «Өз балаңа үлгі бол» тақырыбында «Бірінші сынып оқушыларының ата-аналарына психологиялық көмек» республикалық ата-аналар конференциясы

Бұл республика көлемінде өткізілген ата-аналар конференциясы №45 жалпы білім беретін орта мектепте 2016 жылдың 10 қыркүйек отбасы күніне орай ұйымдастырылды. Конференция мақсаты – отбасы мен мектеп ынтымақтастығын берік іргетасын қалау.

Біз "ДАРЫН" кубогын жеңіп алдық !!!

Біз жеңімпаз атандық !!!  №45 орта мектептің   педагогикалық ұжымы Қазақстан интернет олимпиадасы рейтингісінде Батыс Қазақстан өңірі бойынша ІІІ орын алып, «Дарын» кубогымен марапатталды. Білім сайысындағы нәтижеге ұстаздар мен оқушылар терең ізденіс пен табанды еңбектің арқасында қол жеткізді.

Ел болудың бірінші тірегі - білім!

   «Заманауи  әлемде елдің қуаты  ең алдымен азаматтарының білімімен өлшенеді» деп ел президенті айтпақшы бүгінгі алған шәкірт білімінің алар орны ерекше. Бұл білімнің негізі бастауышта қаланбақ. Осыған орай  мектептерге өзгеріс енгізуде мұғалім тұлғасы маңызды роль атқарады. Сондықтан да жалпы білім беретін мектептерде білім беру мазмұнын жаңғыртатын өзгерістер қажеттілігі - заман талабы.